01.02.2023
30-31 қаңтарда Щучинск қаласында Республикалық дебаттық турнирдің облыстық кезеңі өтті. Аталған турнирде аудан намысын БЖШО жанындағы «Не Формат» дебат клубының «Оратор» командасы қорғады. Команданың қатысушылары Ясынбек Мүбәрәк пен Мырзабеков Жандос жүлделі І орынды иеленді.
Жетекшісі - Нұрмұхаметов Арман Нұрланұлы.
Ақпан айында балалар Республикалық турнирде Ақмола облысының намысын қорғайды. Біз сәттілік тілейміз!!!