Текст
2023 жылы 16-18 ақпан аралығында Астана қаласында "Ризашылық-мейірімділік бұлағы" атты жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында ұлттық пікірсайыс іріктеудің Республикалық кезеңі өтті. Ақмола облысының намысын аталған турнирде Ерейментау ауданы, БЖШО-ның "Не Format" пікірсайыс клубының "Оратор" командасы қорғады. Топтың құрамында 10 сынып оқушылары: Мырзабек Жандос және Ясынбек Мубарак. "Оратор" тобы Облыстық кезеңнің жеңімпаздары, Республикалық турнирде 8 үздік командаға енді. Үйірме жетекшісі -Нұрмұхамбетов Арман Нүрланұлы.Құттықтаймыз!