"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Ерейментау қаласының Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятия "Центр детско - юношеского творчества города Ерейментау при отделе образования по Ерейментаускому району управления образованияАкмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК-ны бейнелеу өнері мұғалімі бос лауазымына конкурс жариялайды

24.08.2023

МКҚК мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020807, Ақмола облысы, қ Ерейментау қаласы,  Бөгенбай көшесі  93 Телефон: 8(71633) 21554

E-mail: : KNK69@yandex.ru

МКҚК  қызметінің негізгі бағыттары: Баланың жеке басының дамуына, оның шығармашылық, адамгершілік, интеллектуалдық және физикалық қабілеттерінің анықтауға ықпал ету.

Қосымша білім беру саласына бейнелеу өнері мұғалімі

Мұғалімдерге талап:

- жоғары педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілін кемінде бір жыл.

–педагог, модератор-педагог немесе сарапшы-педагогтың , екінші немесе бірінші санатының болу

Лауазымдық міндеттері : Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үйірменің тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды. Балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді

Психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді

Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, адамгершілік-рухани тұлғаны дамытуға, білім алушылардың тұрақты кәсіби мүдделерін қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың өздігінен жұмыс істеуді үйретеді , оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізеді, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды .Тұрақты кәсіби қызығушылықтар мен бейімділіктерді қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды, сонымен қатар  мүмкіндігі шектеулі балаларды   қолдайды. Балаларды  іс-шараларыға  (байқаулар, көрмелер және басқалар) қатысуын ұйымдастырады. Білім алушылардың  демалысын ұйымдастыруға қатысады. Сабақтарды өткізу кезінде еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады.Ата-аналарға кенес береді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстың басқа да нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттырады.

Білу керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы"заңдары білім беру қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың басым бағыттары, дидактика қағидаттары, педагогика және жас психологиясының негіздері, білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету қағидаттары, білім беру ұйымында білім беру процесін ұйымдастыру жүйесі, тәрбие жұмысының әдістемесі, өнімді, сараланған, дамыта оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру, сендіру, дәлелдеу әдістері өз ұстанымын, білім алушылармен байланыс орнату,  олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау , білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау.

Жалақысы: 90000-110000 мың тенге

Просмотров: 3735


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст